Жаңалықтар

Әр елдің мемлекеттік ұлттық құндылықтарының негізі – мемлекеттік рәміздер. Жақында «Нұр Отан» партиясының бағдарламасымен «Менің туым, менің Отаным!» республикалық патриоттық акциясы Алматыда «Медеу» спорт базасы аумағында еліміздің алып туын орнату іс – шарасы басталып, онда партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек сөз алып, Қазақстан халқын жұртшылықты еліміздің рәміздерін құрметтеуге шақырған болатын.

Колледж базасында еңбек күніне орай Абай жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен "Болашақ көкжиегі – кәсіптік білім" тақырыбында кездесу өтті.

Құрманғазы аграрлы – техникалық колледжінде 2019 жылдың 26 маусым күні «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман» атты 2018 – 2019 оқу жылында бітіруші түлектердің диплом тапсыру салтанаты аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өтті.

Атырау қаласының Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері базаларында өткізілген жұмысшы мамандықтарына арналған «World Skills – 2019» өңірлік чемпионатына Құрманғазы аграрлы – техникалық колледжінен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы (Аспаз, наубайхана ісі құзыреттіліктері), «Дәнекерлеу ісі» мамандығы («Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі), «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы (Жеңіл автомобильге жөндеу және қызмет көрсету құзыреттілігі) бойынша 5 студент қатынасып қайтты.