Шараның жоспарына сәйкес шараның ашылу салтанатында колледж директоры Утегенов Булатбек Таганхожаевич 2018 – 2019 оқу жылындағы колледж бойынша атқарылған игі жұмыстарды саралап, жыл қорытындысындағы колледж ұжымы мен студенттерінің жеткен жетістіктерін атап өтті. Диплом тапсыру салтанатына аудан әкімінің орынбасары Тәжібаев Өркен Сержанұлы қатынасып, бітіруші түлектерге және колледж ұжымына аудан әкімдігінің атынан аудандық, облыстық деңгейде жүргізіліп жатырған шараларға колледж белсене араласып, оның өтуіне өздерінің ұжымдық белсенділіктерін танытып және мәдени көпшілік, спорттық және т.б шараларға үнемі қатынасып жүретіндігіне ризашылығын білдіріп, колледж ұжымына аудан әкімінің «Алғыс хатын» тапсырды.

Сонымен қатар шараға аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Бисенгалиев Наурызбай Амантайұлы, жұмыс берушілер өкілдерінен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша М.Киматова, Б.Махмудова, «Автокөліктерге техникалық күтім, жөндеу жасау және пайдалану» мамандығы бойынша Р.Сәми және «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша А.Абуевалар қатынасып, аталған мамандықтар бойынша бітірген студенттерге диплом тапсырды.

Оқу жылында бітіруші түлектердің 65,7% еңбекке орналасуға жұмыс берушілер тарапынан келісім алынып, 8-і жоғарғы оқу орындарына түсуге ниет білдірді. 

Түлектерге диплом тапсыру кезінде мамандықтар бойынша бітірген студенттер жеке – жеке жан – жақты таныстырылып, олардың колледж қабырғасындағы меңгерген білімдері мен тәрбиелерін және жеткен жетістіктерін жарнамалап, бейне слайдтар арқылы қатынасушыларға таныстырылды. Колледж бітіруші түлектердің ішінде үздік бітірген және оқу барысында өздерінің кәсіби білімді және тәрбиені меңгерудегі жеткен жетістіктері үшін бітіруші түлектерді колледждің «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Шара кезінде арнайы дайындалған «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман» атты диплом тапсыру салтанатында колледж қызметкерлері мен студенттерінің концерті тамашаланып, онда мың бұралған бишілердің, күміс көмей әншілердің сазды әуендерімен жалғасып, көрермендердің шынайы ықылас ниетіне бөленді.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту