Жаңалықтар

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

 өткізбей қараңғыда бекер жасты...»

Әл-Фараби айтқандай, «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. 

Әр адам баласының арманы білікті де білімді маман  болу. Оған жету үшін ерінбей еңбек етіп, алға қарай ұмтылуы қажет. Біліміңді еңбекпен шыңдап отырсаң ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жарқырай түседі. 

Жиналыста колледж медбикесі Роза Насиполлаевна “Ерте жүктіліктің салдары” тақырыбында  видеоролик көрсетіп, презентация арқылы талдау жұмысын жүргізді. 

Қыздар кеңесінің төрайымы Баян Суюндуковна қыз баланың жеке бас тазалығы мен тәртібі туралы айтса, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мейрамкул Мухтаровна “Қыз қылығымен көрікті” тақырыбында сыр-сұхбат жүргізді. Жиналыс студент қыздар мен ұстаздар арасындағы  өзара сыр бөлісуге арналды.

Дебат дегеніміз – шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын алаңы

Дебат – ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыра отырып, дәлелдер мен фактілерге сүйенеді. Студенттерді белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеу мен өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу мақсатында Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде ҚР-ның тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіз елдің болашағы - жастар қолында” тақырыбында І-ІІ курс студенттерімен дебаттық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Турнир АПФ форматында өткізілді.