Колледж базасында еңбек күніне орай Абай жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен "Болашақ көкжиегі – кәсіптік білім" тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында колледжде оқытылатын мамандықтар таныстырылып, қазіргі уақытта кәсіптік білім алуға жасалып жатырған мүмкіндіктер туралы айтылды.

Колледждің материалдық базасын аралау барысында колледж студенттері өз мамандықтары туралы және колледждегі оқу процесі туралы айтып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, оқушылар колледждегі автодромға барып, «Фермер шаруашылығы», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша студенттердің техниканы меңгеру деңгейлерін көрді. Қорытындылау кезеңінде оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту