Әлем күн сайын жаңаруда. Күн сайын түрлі жаңалықтар ашылуда. Күн сайын жаңа жобалар іске асырылуда. Күн сайын бұл өмірдің бізге дайындаған сыйы артуда. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек.
Әлемдегі соңғы болған оқиғалар бүкіл адамзатты дүр сілкіндірді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – колледждердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Әрине, бұл оқушылар тұрмақ, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиындау болып тұр. Көкейде сауал көп. Дегенмен, іштегі қорқыныш, үрей, сенімсіздікке қарамастан алға қарай қадам жасау маңызды.
Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Сондықтан білім беру саласына қай мемлекетте болмасын үлкен жүк артылады. Ал қазіргі жағдайда сапалы, ең бастысы нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру екі есе қиындай түсетіні анық.
Қашықтықтан оқыту – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың!
Құрманғазы аграрлы – техникалық колледжінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 14.03.2020 ж күнгі №108 бұйрығын басшылыққа алып пандемия кезінде қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
Колледж бойынша 16.03-21.03.20 ж аралығында қашықтықтан оқыту электрондық пошта, Whats app әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылды.
26.03.2020 ж бастап Edu page платформасы (katk.edupage.org) іске қосылды. Студенттер мен оқытушылар арасында Edu page платформасының енгізілуі туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, оқытушыларға сабақтарды салу, тапсырмалар беру, платформада тест жұмысын жасақтау, бағалау, сынып журналын толтыру жөнінде нұсқаулықтар мен видео сабақтар берілді.
Оқу бөлімімен бірлесіп Zoom желісі арқылы Edu page платформасында жұмыс жасау туралы видео конференциялар апта сайын өткізіліп отырады. Инженер – педагог қызметкерлер тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын облыстық бейне конференцияларға қатысып отырады.
Қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.