Осы акцияға байланысты қазіргі таңда еліміздің түкпір – түкпірінде мемлекеттік туды насихаттау, дәріптеу акциясы жалғасып жатыр. Бұған орай Құрманғазы аграрлы – техникалық колледжі базасында да осы игі шараны жалғастыру мақсатында Құрманғазы аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесіп отырып, арнайы акция өткізді.

Акцияның мақсаты «Мемлекеттік Туымызды көк аспан астында көтеріп, желбіретіп, оған деген Қазақстандықтардың, жастардың патриоттық сезімдерін дамыту, мемлекеттік Туға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру» болатын. «Менің туым, менің Отаным» атты патриоттық акцияның колледжде өткізу іс – шара жоспарына сәйкес оған Құрманғазы ауданы әкімдігі, аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілдері, аудандағы мекемелер, кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшылары, мамандары қатынасты. Акцияның жүргізу жоспарына сай көк Туымызды көтеру мәртебесін – аудан әкімі Нұртаев Қайрат Талапұлы алып, ол акцияға қатынасушыларға арнап сөз сөйледі. Ол еліміздің мәртебесі, ұлттық құндылықтарымыз – мемлекеттік рәміздер екенін атап көрсетіп, көк Туымыз тәуелсіздік алған кезінен бастап, елімізді бүкіл дүние жүзіне танытып, әр өткізілген мемлекет аралық іс – шараларда, әр түрлі деңгейлердегі байқаулар мен сайыстарда, спорттық жекпе – жек пен олимпиадалар кезінде бірнеше дүркін көкке көтеріліп, Қазақстандықтардың елімізге, жерімізге ұлтымызға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімінің символы бола білгендігін барша қатынасушыларға, жастарға тебірене тұрып жеткізді.

Туымызға, Отанымыз – Қазақстанға, оның мемлекеттік рәміздеріне деген терең де, мағыналы ой – пікірлерін, колледждің ардагерлері атынан КСРО кәсіптік – техникалық білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстазы З.Хидуллиннің және колледж студенті А.Куандықовтың сөйлеген сөздерінде де шараның мақсатымен ұштасып жатты. Шара барысында колледж студенттерінің, аудан өнерпаздарының қазақ елінің елдігін, оған деген сүйіспеншілігін жырлауға, нәрлеп көрсетуге арналған әндер мен ұлттық нақыштағы билер орындалып, шараға қатынасушыларға үлкен көңіл күй сыйлап, көңілді сыйластықпен жалғасын тауып жатты.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту