Атырау қаласының Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері базаларында өткізілген жұмысшы мамандықтарына арналған «World Skills – 2019» өңірлік чемпионатына Құрманғазы аграрлы – техникалық колледжінен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы (Аспаз, наубайхана ісі құзыреттіліктері), «Дәнекерлеу ісі» мамандығы («Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі), «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы (Жеңіл автомобильге жөндеу және қызмет көрсету құзыреттілігі) бойынша 5 студент қатынасып қайтты.
Аталған чемпионатқа Зинетуллаева Аделия, Тлеулина Гаухар (Аспаз), Сырымқызы Үміт (Наубайхана ісі), Есенболатов Сағынбек (Жеңіл автомобильге жөндеу және қызмет көрсету) және Жардемов Олжас (Дәнекерлеу ісі) қатынасып, олардың ішінде Сырымқызы Үміт жүлделі ІІІ орынды иеленіп арнай Дипломмен марапатталса, ал барлық қатынасқан студенттер арнайы сертификаттармен марапатталды. Студенттердің чемпионатқа дайындығын қамтамасыз етіп, жетекшілік еткен аға шебер Жандыбаев Естай Салихбаевич «Алғыс хатпен» марапатталды.
https://katc.edu.kz/kz/zha-aly-tar/135-343543453.html#sigFreeId0d7ee5186f