«Еңбек күніне» орай Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Негізгі мақсатымыз І-курс студенттерін колледж қабырғасында өз таңдауларынан басқа да оқытылатын мамандық түрлерімен, оның ерекшеліктерімен таныстырып, еңбектің адам өміріндегі мәні мен маңызын түсіндіру, таңдаған мамандыққа адал болып жауапкершілікпен қарауға баулу.
Өндірістік жоспарға сәйкесті студенттер өндірістік оқу шебері Боранғалиев Серіктің № 51 топта өткізген «Дәнекерлеу ісі» атты өндірістік оқуға қатысты. Шебер жұмыс жасау кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелерімен, дәнекерлеудің түрлерімен таныстырып, дәнекерлеу әдісін тәжірибе түрінде көрсетті.
Өндірістік оқу шебері Қамиев Есенболаттың №46 тобында өткізілген «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» атты өндірістік оқуына қатысып, өмір қауіпсіздігімен басталатын сабақта техникаға қалай күтім жасап, күту керектігімен танысты.
Өндірістік оқу шебері Қамиев Есенболаттың «Автотренажердағы» жеке үйрету сабағына қатысып, алғаш көлік жүргізу кезіндегі қол мен аяқты үйрету, жол белгілерімен танысу, бұрылыстар жасау реттерін үйренді.
Арнаулы пән оқытушысы Тағанхожа Асанбектің №46 топ студенті Ұзақбай Ерасылмен өткізген «Ауыл шаруашылығын механикаландырудан» жеке үйрету сабағына қатысып, John Deere 6155 тракторына агрегатты тіркеп, қалай жұмыс жасайтынын көріп танысты.
Бірінші курс студенттері екінші, үшінші курс студенттерінің өндірістік сабақтарына қатысып көп мағлұмат алып, өздері қарайлас студенттердің жетістіктеріне риза болды