Ұстазға құрмет көрсетудің бір белгісі ретінде Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде апталыққа сәйкес топ студенттерінің арасында «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысты физика пәнінің мұғалімі Ізмағанова Құралай жүргізді.

Студенттерге ұстаздықтың мән-мағынасы мен олардың өміріндегі алатын орнын түсіндіре отырып, ұстазды ұлығылау, тақырыпқа сай ұстаз туралы өлеңдерді мәнерлеп оқуға баулу мақсатында өткізілген сайыс:  «Халық айтқан - асыл сөз», «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар ...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ...» атты кезеңдерден тұрды.

   Сайыс қорытындысы бойынша: 

60 топ студенті Бекбол Нұрдәулет  - 1 орынды,

58 топ студенті Ерікұлы Батырбек - 2 орынды, 

61 топ студенті Болатұлы Бекзат және 58 топ студенті Уталиева Назерке - 3 орынды иеленді. 

    Қатысушы студенттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып,  алдағы білім шыңында алар асулары көп болуын тілейміз.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту