    Атырау облысы Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің 

тарих пәнінің оқытушысы Жеткіншек Женисовичтің дайындауымен І-ІІІ курс студенттері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» кешенді жоспарына сай жасақталған колледждің тәрбие жұмыс жоспарының  «Алаш арыстары» атты апталығында Міржақып Дулатовтың    1 актілі, 5 көріністі «Оян, қазақ» драмасынан  көрініс қойды. 

    Мақсаты: ХХ ғасырдың басында туған елінің отарлау саясатының 

құрбаны болып, жері жұлмаланып, діні мен ділі шатқаяқтап, рухани катастрофаның алдында тұрғанына қамығып, толғауы тоқсан қызыл тіл арқылы үн қосқан Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатовтың өз халқын оятып, оларды ілім-білімге шақырған жанашырлығы, аштықтан зардап шеккен халқына көмегі туралы жасаған еңбектерін студенттерге жеткізе отырып, оларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту