Оқу-дала жиынының басты мақсаты - Болашақ ұрпақты Отанын, жерін, елін қорғауға қажетті мінездермен қаруландыру. Өз еліне адал, ұлттық намысы мол азаматтарды патриоттық рухта тәрбиелеу. «Қазақстандық патриотизм» ұғымының өзі санамызға дербестігімізді, тәуелсіздігмізді ұғындырып, Қазақстанды қорғау – баршамыздың қасиетті парызымыз екендігіне міндеттейді.

АӘД пәнінің оқытушысы Өтеулиев Наурызбай Базарбайұлы студенттерді сапқа тұрғызып, оларға пәрмен беріп, колледж директорына рапорт берді. ҚР Мемлекеттік Туы көтеріліп, Гимн орындалды. Колледж директоры оқу-дала жиынының ашылуымен құттықтап, әскери ұйымдастырушы дала жиынының бағдарламасына сәйкес әскери дайындық бойынша өткізілетін 5 – күндік сабақ жоспарымен таныстырды. Ашылу рәсіміне байланысты болашақ сарбаздардың салтанатты саптық шеруін тамашалады.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту