Онкүндіктің мақсаты Студенттерге Халық қаһарманы, алғаш ұшқыш батыр қызы, жерлесіміз Хиуаз Доспанованың ерлігін насихаттау. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ қызының ісін мақтан тұтып, Отан үшін жан қиярлық ерлік жолдарын үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Онкүндік аясында «Әуедегі қазақтың батыр қызы – Хиуаз» тақырыбында студенттер арасында облыстық эсселер байқауы өтіп, оған бірнеше колледждердің студенттері қатысты. Жалпы келіп түскен 16 жұмыстың қорытындысы бойынша І орынды Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясының І курс студенті Бейімбет Асылжан, ІІ орынды Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінің І курс студенті Ерікқызы Жанар, ІІІ орынды С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің І курс студенті Ахметкереева Нұрай және Қызылқоға аграрлы техникалық колледжінің студенті Еркінқызы Аяжан иеленді.