Бизнес және құқық колледжінде «Жас ұрпақтың сапалы білімі – ұлттық дамуға жету жолы» тақырыбында жалпы білім беру пәндері бойынша XIII облыстық олимпиада өтті. Облыстық олимпиадаға колледжішілік кезеңінен І орындарды иеленген студенттер жіберілді. Нәтижесінде Ағылшын тілі пәнінен 1 курс №46 топ студенті Умбетбаев Чингиз Асланович 1-орын (жетекшісі Кажибаева Гулфарида Турешовна), Биология пәнінен 1 курс №45 топ студенті Аташев Арман Аманұлы 2 орын (жетекшісі Дюсембиева Асель Уразбаевна), Химия пәнінен 1 курс №45 топ студенті Ерікқызы Жанар 2 орын (жетекшісі Набиева Арайлым Ербулатовна), Физика пәнінен 1 курс №45 топ студенті Сарсенбай Дильназ Жасұланқызы 3 орын (жетекшісі Тулепбаева Аяжан  Валериевна) иеленсе, Қазақстан тарихы пәнінен 1 курс №45 топ студенті Кыдырова Айгүл Жәнібекқызы (жетекшісі Нурмуханов Жеткиншек Женисович), Математика пәнінен 1 курс №45 топ студенті Тарихова Динара Райымбекқызы (жетекшісі Ахметова Баян  Хисмовна), Информатика пәнінен 1 курс №45 топ студенті Есмуханова Альбина Атымбекқызы (жетекшісі Каримова Анара Елеуовна) – Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту