Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінде «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында өткен онкүндік аясында Наурыз мейрамы атап өтілді. Салтанатты шараны колледж директоры құттықтау сөзімен бастап, колледждің өнерпаздары өнер көрсетті. Шара барысында инженер – педагог қызметкерлер «Бесікке салу» рәсімі қойылымын қойып, Қыдыр ата шараға қатысушыларға бата беріп, келушілер Наурыз көжеден дәм тартты.

Шараның екінші бөлімі ұлттық спорт түрлеріне арналып, қазақша күрес, арқан тартыс, асық ату және кір тасын көтеруден жарыстар өтті. Бұл спорттық жарыстардың демеушілері колледждің әлеуметтік серіктестері «Мақаш» ӨК, «Абдолов Б» ЖК, «Су арнасы» ЖШС, «Сұлтан» ЖК болды. Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша қазақша күрестен (демеушісі «Мақаш» ӨК) І орын – №42 топ студенті Ф.Гарифолла, ІІ орын – №41 топ студенті Д.Имашев, ІІІ орын – №50 топ студенті Е.Инаматов, кір тасын көтеруден (демеушісі «Абдолов Б» ЖК) І орын - №38 топ студенті С.Саулет, ІІ орын – №43 топ студенті А.Сембайұлы, ІІІ орын – №42 топ студенті Б.Бисекенов, асық атудан (демеушісі «Су арнасы» ЖШС) І орын– №42 топ студенті А.Асылбек, ІІ орын – №42 топ студенті Ф.Гарифолла, ІІІ орын №47 топ студенті Р.Ким иеленсе, арқан тартудан (демеушісі «Сұлтан» ЖК) №42 топ командасы жеңіске жетіп, демеушілер атынан ақшалай сыйлықтарға ие болды. 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту