Жүлде қорымыз тағы да толықты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас ғалым – 2021» студенттердің ғылыми – тәжірибелік сырттай өңірлік конференциясы өтті. Аталған конференцияға №37 топ студенті Үмбеткалиева Жаннұр (жетекшісі М.Құрашова), №45 топ студенті Аташев Арман (жетекшісі К.Кисметоллаев) қатысты. ЕТ және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығының ІІІ курс студенті Ж.Үмбеткалиеваның баяндамасы үздік деп танылып ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жаннұрдың «Цифрлық Қазақстан: ақпараттық – коммуникативтік технологияның даму драйвері ретінде» тақырыбындағы баяндамасы конференция матриалдары жинақ кітабына енді.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту