Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінде «Елімнің көшбасшысы - Елбасым, құрметтісің!» тақырыбында 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік шара өтті. Шара барысында ІІІ курс студенті Үмбетқалиева Жаннұр Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында жүзеге асқан жұмыстары туралы баяндама жасап, №42, №45 топ студенттері Елбасына арнап шығарған өлең жолдарын арнады. Сонымен қатар, Елбасы жазған және ол туралы басқа авторлардың жазған кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, І курс №45 топ студенті Аташев Арман кітаптарға шолу жасады. Салтанатты шара ән және қазақ биімен жалғасты.