Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті, парасаттылық пен азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілікті және қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу мақсатында «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен ұйымдастырылған “Adal bol ques” квест ойыны өтті. Сайысқа И.Панфилов орта мектебінің, Абай атындағы орта мектептің және колледждің жас мамандарынан құралған төрт команда қатысты. Сайыс төрт турдан тұрды. Бірінші турда барлық командалар өздерін таныстырды, екінші турда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша сұрақтарға жауап берді. Үшінші тур «Іздеп тап» деп аталды, онда жас мамандар оқу кабинеттерінде жасырылған парақшаларды тауып, адалдық туралы сөз құрады. Соңғы турда «Адалдық шыңы» мұнарасын құрастырды. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды И.Панфилов орта мектебінің «Тәуелсіздік» командасы, ІІ орынды Абай атындағы орта мектептің «Абай» командасы және І орынды Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінің «Адалдық» командасы жеңіп алды.

#сыбайласжемқорлыққажолжоқ

#адалұрпақ 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту