Қазіргі қоғамымыздағы ішкі тұрақтылық пен рухани тазалықты сақтауда имандылықтың рөлі зор. Әсіресе, жастар арасында діни түсінік дұрыс қалыптастыру және имандылық иірімдерін сауатты түрде насихаттау ісі маңызды. Осыған орай «Темірәлі» мешітінің бас имамы, теолог маман Бегалиев Еламан Жасөмірұлы колледжде өткен кездесуге қатысты. Кездесу барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Темиралиева Нургул Мирамбековна «Діни экстремизм және терроризмнің салдары» тақырыбында баяндама оқып, «Жусан» операциясы туралы бейне ролик көрсетілді. Сонымен қатар теолог маман дәстүрлі діннің құндылықтары және теріс діни ағымдардан айырмашылықтары туралы маңызды ақпараттар айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту