Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Зерттеулерге сәйкес, жемқорлық - теріс құбылыс. Бұл қоғамның негіздерін бұзады, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға, соның ішінде білім беру ұйымына деген сенімділіктің төмендеуіне ықпал етеді және қоғамның экономикасы мен моралын бұзады.
Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз – жарқын болашақ» тақырыбында эсселер байқауы өтті. Эссе байқауына қатысқан студенттер сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес құралдары және оны жою туралы өз пікірлерін жазды.
Мамандардың зерттеулері бойынша, елімізде сыбайлас жемқорлықты тудырып отырған себептердің жан-жақты анықталмауы салдарынан ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз. «ТрансПеренси Интернейшнл» ұйымының рейтингісінде еліміз 180 елдің арасында 122-ші орында тұр». Сыбайлас жемқорлық - ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені, ал онымен күрес тек заң қызметкерлерінің ғана жауапкершілігі емес, қалың бұқараның да азаматтық міндеті екендігін түсіндіру колледжімізде өтетін шаралар барысында үнемі айтылып келеді.
#саналыұрпақ
#жарқынболашақ
#жемқорлыққажолжоқ
#Сыбайлас жемқорлықсыз – жарқын болашақ
https://katc.edu.kz/kz/zha-aly-tar/226-sybajlas-zhem-orly-syz-zhar-yn-bolasha-ta-yrybynda-esse-baj-auy-tti.html#sigFreeId7c459ef8f7