Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінде 22 қазан күні «Аяулы күз, Алтын күз-2021» байқауы өтті. Байқауға сегіз жұп қатысты. Байқаудың шарты бойынша студенттер фотосессия ұйымдастырып, үш күн бойы Инстаграм әлеуметтік желісінде лайк тайм жүргізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша №46 топ атынан өнер көрсеткен Сахиев Нұрсұлтан, Бөлекбаева Дильназ «Көрермендер көзайымы» номинациясына, №47 топ атынан өнер көрсеткен Утешов Арманбек, Серікқалиева Салтанат «Өнерлі жұп» номинациясына, №48 топ атынан өнер көрсеткен Габбасова Нұрай, Саламатов Әділет «Ең дәмді ас мәзірі» номинациясына, №37 топ студенттері Тлешов Елжас, Үмбеткалиева Жаннұр «Ең үздік фотосессия» номинациясына ие болса, жүлделі ІІІ орынды І курс №45 топ студенттері Кадимов Ризабек пен Кыдырова Айгүл, ІІ орынды ІІ курс №42 топ студенттері Карабалаев Бекарыс пен Жантемирова Жансая, І орынды №41 топ студенттері Имашев Дамир мен Конысбаева Аружан иеленді.

Әділ қазылар алқасын өздерінің өнерпаздығымен, тапқырлығымен және шеберлігімен таңғалдырған №38 топ атынан өнер көрсеткен Социалов Илмаз бен Ерікқызы Жанар «Күз ханзадасы» және «Күз ханшайымы» атанды.

Сонымен қатар, әділ қазылар №41 топ студенті Имашев Дамирдың суда сурет салу өнерін, №42 топ студенті Карабалаев Бекарыстың тегершіктен жасалған «Аққу» бейнесін, №37 топ студенті Тлешов Елжастың тақтайда гуашьпен салынған «Күзгі серуен» суретін және №46 топ студенті Сахиев Нұрсұлтанның «Күзгі» салатын ерекше атап өтті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

#құрманғазыаграрлытехникалықколледжі

#күзгібалл

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту