Бәсекеге қабілетті маман дайындауда «Жас маман» жобасының ролі.
Бүгінде еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беделін көтеру басты назарда. Ел экономикасының дамуына үлес қосар кәсіпорындардың мықты тірегі алдымен техникалық базасы болса, сонымен қоса онда жұмыс жасайтын кадрлардың біліктілігі, жан-жақтылығы. Техникалық және кәсіптік білім беру орындарынан алған білімді тәжірибе жүзінде пайдаға асыру үшін коллдеждегі техникалық жабдықтардың да алған білімнің негізінде болуы – уақыт талабы. Яғни, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын заманауи қондырғыларлармен жабдықтау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мақсатта Елбасының тапсырмасымен «Жас маман» жобасы жүзеге асырылып жатыр. «Жас маман» жобасы еліміздің 180 колледжін модернизациялауды, яғни оларды заманауи жабдықтар жиынтығымен жабдықтауды көздейді, оның ішінде халықаралық WorldSkills қозғалысының стандарттары да ескеріліп отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Жас маман» жобасын жүзеге асыру бойынша оператор болып «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бекітілген. Акционерлік қоғам «Жас маман» жобасына қатысатын колледждерді конкурстық іріктеу жұмыстарын өткізіп, былтыр аталған жобаға еліміздің әр аймағынан 80 колледж таңдалды.
Біздің Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі де «Жас маман» жобасына қатысуға іріктеуден өтті. Республика бойынша Жас маман жобасына енген сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандықтың ішінен ұсынылған колледжде дайындалатын 7 мамандықтың бәрі тізімге ілінді. Атап айтсақ:
1504000 Фермер шаруашылығы
1501000 Ауылшаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
1401000 Ғимараттар менқұрылымдарды салу және пайдалану
0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру
0901000 Электр станциялары менжелілерінің электр жабдықтары.
1114000 Дәнекерлеу ісі
1201000 Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандықтары.
Осы мамандықтар бойынша заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауға «Жас маман» жобасы бойынша бекітілген жабдықтар тізбесінің шеңберінде 256000 мың тг-ге сұраныстар берілді. Біз жабдықты таңдаған кезде WorldSkills стандартын негізге алдық және өндіріс талаптарына сәйкестігін ескердік. Акционерлік қоғамнан өкілдер келіп, ұсынылған мамандықтар бойынша колледж базасын қарап, Жас маман жобасына енуіне келісімін берді. Республикалық бюджеттен 202194,0 мың тг бөлініп, бүгінгі күні колледждің материалды-техникалық базасы шетелдік трактор, автокөліктермен, заманауи жабдықтармен, ақпараттық техникалармен толықты.
Жаңа жабдықтар бойынша колледждің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері оқытудан өтті. Қазіргі таңда колледжде осы мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларына жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, қолданыстағы оқу жоспарларына интеграцияланатын кәсіби модульдерді әзірлеу жұмыстары жүргізілуде және колледжде кадрларды даярлаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестер тартылады.
Колледж базасында Ауылшаруашылығын механикаландыру, Аспаз, Дәнекерлеу жұмыстары, Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу мамандықтары бойынша жаңа қондырғылармен жабдықталған құзыреттілік орталықтарын ашу, WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды дайындау алаңдары бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұған қоса сатылып алынған заманауи жабдықтар арқылы жаңа форматтағы мемлекеттік қорытынды аттестаттау WorldSkills стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтихандар түрінде өткізіледі.
Қорыта айтқанда, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда «Жас маман» жобасының ролі зор, жастарға еңбек нарығында жұмысқа орналасуға жол ашады.
https://katc.edu.kz/kz/zha-aly-tar/212-b-sekege-abiletti-maman-dajyndauda-zhas-maman-zhobasyny-roli.html#sigFreeId4c88e27cce