«Алтын ұяма-60 жыл»
2021 жылы 27 сәуір күні колледж білім алушылары арасында білім ордасынынң 60 жылдығына орай №44 топ «Есеп және аудит» мамандығының топ кураторы Бекенова Альфия Ерсаиновнаның ұйымдастыруымен «Алтын ұяма-60 жыл» атты танымдық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты- студенттердің оқу орнына деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, 60 жылдық тарихы бар киелі қара шаңырақтың тарихына туралы толық ақпарат беру.
Сайыс 5 кезеңнен ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде «Тарияхқа саяхат» жасап, студенттерге ортақ сұрақтар қойылып, сұрақтарға кідіріссіз жауап берулері талап етілді.
Екінші кезең «Сандар сөйлейді» деп аталды. Бұл кезеңде студенттер берілген карточкаларды таңдау арқылы, сол жылы колледж тарихында қандай жаңалықтар болғанын тапты.
Үшінші кезең «Тұлғаны таны» бөлімі бойынша колледжде ұзақ жылдар бойын еңбек еткен тұлғаның өмір баяны немесе еңбектері айтылды. Сол арқылы тұлғаның аты-жөнін табу керек болды.
Төртінші кезеңде студенттер суреттер арқылы берілген ребустардың шешімдерін тапты.
Бесінші кезеңде адасқан әріптерді орындарына қою арқылы сөздер шығарды.
Сайысқа барлық курстың студенттері және топ кураторлары белсенділікпен қатысты.
https://katc.edu.kz/kz/zha-aly-tar/210-altyn-yama-60-zhyl.html#sigFreeId793859b01f