1 Мамыр - бірліктің ерекше мерекесі

 

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік  жоспарына сай 1 мамыр – Қазақстан хылқының бірлігі күніне орай «Бірлік, Достық, Тұрақтылық» атты онлайн ZOOM платформасымен мерекелік шараға ұйымдастырылды. Іс – шараның мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін студенттерге жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Шараны ұйымдастырушы №43 топ, І курс «Автокөліктерге техникалық күтім және пайдалану» мамандығының кураторы Каримова Анара Елеуовна  «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дегендей, бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.

Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту