23 сәуір күні колледждің өндірістік жоспарына сай « Студент, ата-ана, ұстаз- тиімді қарым –қатынас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыста 3 мәселе қарастырылды.

1 мәселе бойынша Аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының қызметін ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Бектемиров Жарас Мнафихович аудан көлемінде өтіп жатырған «Отбасы және балалар» профилактикалық жедел шара туралы мағлұмат берді. Өз хабарламасында Жарас Мнафихович бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, студенттердің қашықтықтан оқытылуына байланысты бос уақыттарының тиімді ұйымдастырылуы туралы айтып өтті.

Жиналыстың 2 мәселесі бойынша колледж психологы Темірханқызы Айгерім балаларға қатыгездікпен қарау  мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алу мақсатында «Бала тәрбиесі – зорлық –зомбылықсыз» тақырыбында баяндама жасады.

3 мәселе бойынша колледж директорының орынбасарлары оқу жылын сапалы аяқтау бойынша ата-аналарға ақпарат берді.

 

 

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту