Баршаңызды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз.
Елбасымыздың жастар жылы деп жариялауы, еліміздің жалынды жастарыны рух беріп, жастар арасында аса зор қолдауға ие болды. Тәуелсіз елдің тұғыры мен баянды болашағы жастардың қолында, жастар өздеріне артылған сенім мен үмітті ақтау жолында аянбай еңбек етуге дайын.
Мен жас маманмын жастар жылы аясында жас мамандарға бағытталған жаңа бастамалар мен қолдаулар көңілге қуаныш ұялатады.
Халқымыздың «Ақыл – жастан, асыл - тастан» нақыл сөзі бекер айтылмаған. Біздің жастарымыздың бойында мұндай қасиеттер бар.
Бизнеспен айналысамын деушілерге жол ашу аса маңызды. Шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде барлық өңірде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың санын 100 мыңға дейін жеткізген жөн.
Соңғы екі жылда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау» жобасы бойынша ауылдар мен шағын қалалардың 43 мың тұрғынын оқытып шығарды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам бизнес жобалар іске қосылды.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі «көк жағалылардың» уақыты бітті. Бүгінде АӨК жұмысшыларының жаңа толқыны қажет. Қазақстанда бұл сала стратегиялық болып саналады, өсім әлеуеті зор және келешекте отандық экономиканың басты драйверлерінің бірі бола алады. Осы орайда Қазақстанда әдебиет, танымал өнер арқылы жастардың қоғамдық санасында жаңа позитивті образдар қалыптастыру маңызды.
Барша жастарды өздерінің әлеуетін белсенді жүзеге асыруға, мүмкіндіктерін барынша пайдалануға заманауи білім алып, күннен-күнге шыңдала түсуге шақырамын.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала дәл осы мақсатқа бағытталған. Бар жоғы екі жылдан кейін біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл датаның жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызы аса зор.
Бүгін біз жастарға кеңінен жол ашатын маңызды бастамалармен таныстық. Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсау керек! Еліміздің жастарына зор денсаулық, толағай табыс пен бақ- береке тілеймін!
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы, жас маман Ш.Каршигина