2018 жылдың аяқталуына санаулы күндер қалды. Бұл жылдың да тарих бетіне жазылатын ерекше тарихи кезеңдерге толы жыл болды.

Ел басының халыққа кезекті жолдауы, «Ұлы даланың  жеті қыры» мақаласының жариялануы халқымыздың әл аухатының ұлттық мәдениетіміз бен салт дәстүріміздің насихатталуына ерекше мән беріліп, сонымен қатар қазақ елінің бейбітщілік пен достықтың аймағы болуы – Біріккен ұлттар ұйымының Сирия, Ауғанстан, мәселесінің келіссөздер арқылы біртіндеп шешіле басталуына бастау алуы қазақ елінің ел басшысы Н. Назарбаевтың тынысты еңбегінің арқасы екені баршамызға аян.

 Міне, енді барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлық мереке – Тәуелсіздік күні де келіп жетті.

Осыдан 27 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жа­садық, дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария еткен болатынбыз. Міне сол Тәуелсіздіктің арқасында ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті күн осы.

2018 жыл колледж тарихында да елеулі игі істердің бастауы мен ұйытқысы болды. Атап айтсақ Атырау облысы Білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық «Үздік механизатор – 2018» байқауы өткізіліп, онда Астрахань облысының Агротехникалық колледжінің және Атырау облыстық колледждерінің механизатор мамандарын дайындайтын студенттернінің  арасында үздіктері анықталып, марапатталды. 

Колледж студенттері Астрахань облысында өткен «Жас жер жыртушы» байқауына қатынасып, өзара тәжірибе алмасып қайтты.

14 желтоқсан күні өтілген «Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік» тақырыбындағы салтанатты шарада жылдың қорытындысы бойынша  әр сала бойынша инженер педагог қызметкерлер, студенттер түрлі бағыттағы шараларға қатысқаны үшін марапатқа ие болды. Атап айтсақ өндірістік  оқыту шебері Каршигаева Сания Рахметовна «Еңбек үздігі» төсбелгісімен, ал есепші Курмангазиева Кулсинай Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2018 жылдың қорытындысымен «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жастарды еңбекке тартып, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елімізді жасыл желекке айналдыру мақсатында олардың жалын – жігерін, күш – қуатын тоғыстырып нәтижелі жұмыс жасағаны үшін  колледжіміз «Үздік оқу орны» номинациясына ие болды.

Сонымен қатар Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жүлделі орын алған студенттер І дәрежелі Дипломдармен марапатталды.

 

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту