Апталықтың ІІ күнінде ІІІ курс №24 топта «Тағам дайындау технологиясы» пәнінен Б.Кульжигитованың ашық сабағы өтті.
Апталықтың ІІІ күнінде ІІ курс №32 топта «Тауартану» пәннен А.Божанованың ашық сабағы өтті. Тақырыбы: «Балық өнімдеріне сипаттама». Студенттер балғын балық түріне, піскен, қуырылған, бұқтырылған балық түрлерін сипаттауды білді. Балықтың сапасын анықтауды үйренді. Апталықтың ІV күнінде А.Тлешованың №32 топта өндірістік оқудан ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы «Балықты қамырда қуыру». Студенттер балықты қамырда қуыру процесін орындады, сонымен қатар студенттер кляр қамырын әзірлеудің қыр-сырын меңгерді.
Апталықтың V күні «Үздік аспаз» атты мамандық сайысы өтті. Мамандық сайысын облыстық «WorldSkills» чемпионатының тапсырмасымен сәйкес алынды.
Бұл сайысқа №24,32,39 топтарының студенттер аралығында іріктеу тестісі жүргізілді. Жоғары балл жинаған №32 топ студенттері Нұрбаев Нурлан, Мұхтарова Жаңылсын; №24 топ студенттері Хатимоллаева Ботакөз, Маратова Еркетаң; №39 топ студенті Салахиденова Асемгуль.
Сайыс барысы 4 модульден құрастырылған болатын. Біздің қатысушыларымыз сайыстан жақсы икемдігімен қатар жауапкершіліктерімен, ұқыптылығымен көзге түсіп, практика жүзінде өз білімдерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын №32 топ ІІ курс студенті Нұрбаев Нурлан жеңіп алды.
ІІ орынды №24 топ ІІІ курс студенті Хатимоллаева Ботакөз және №39 топ 10 ай курс студенті Салахиденова Асемгуль иеленді.
ІІІ орынды №24 топ ІІІ курс студенті Маратова Еркетаң және ІІ курс студенті Мұхтарова Жаңылсын ие болды.
Апталыққа топ студенттері ұйымшылдықпен қатысты, жауапкершілікті сезінді, өздерін жақсы жағынан және білімдерін көрсете білді. Мамандық апталығының аясында жәрмеңке ұйымдастырылып, соның ішінде №39 топ, №32 топ және №24 топ студенттері белсене қатысты. Жәрмеңкеде әр түрлі тағамдар мен сусындар ұйымдастырылып, сатылымға шығарды, атап айтсақ пирожки, самса, құймақ пен құймақшалар, бал тортын, бисквит тортын, «Московские плюшки» булочкалары, пицца, вафли, «Королевский» торты, салқын тәтті сусындар мен шай.
https://katc.edu.kz/kz/2016-11-22-11-00-55/2016-11-22-11-14-46/195-kolledzhdi-zdik-aspazy-any-taldy.html#sigFreeId06189ce26d