РФ Астрахань ауылшаруашылығы және балық өндірісі министрлігінің ұйымдастыруымен Астрахань мемлекеттік университетінің Технопаркінде өткен Халықаралық «Юный пахарь-2019» кәсіби шеберлік байқауына Құрманғазы аграрлы – техникалық колледжінің студенттері Ұзақпаев Айбек пен Мекеш Равхат қатысты.

Байқауға студенттерді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Каражигитова Гульнар Адильбековна, аға шебер Жандыбаев Естай Салихбаевич және өндірістік оқу шебері Темиралиев Мурадым Макулович бастап барды. Сондай – ақ, осы байқауға колледждің кәсіби мамандарды дайындаудағы абыройын және жетістіктерін насихаттау арқылы кәсіптік бағдарлау мақсатында колледж студенттері Ерік Игілік пен Куандықов Арсен қатынасып қайтты.

Байқау барысында кәсіби шеберлік байқауына қатынасқан колледж студенттері теориялық білімдерін және кәсіби іс – дағдыларын көрсете біліп, нәтижесінде ІІІ курс студенті Ұзақпаев Айбек «Алғыс хат» иеленсе, ІІ курс студенті Мекеш Равхат жүлделі ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, студенттерді кәсіби шеберлік байқауына дайындауда ат салысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін, іс – тәжірибелерін шәкірттеріне дәріптеп, үйретуде бұдан бұрынғы кезеңдерде де өткізілген кәсіби шеберлік байқауына өз шәкірттерін дайындап, межелі нәтижеге жетіп жүрген  өндірістік оқу шебері Темиралиев Мұрадым Мақұлұлының жетістіктерін ерекше атап өтіп, аталған министрліктің «Алғыс хатымен» марапатталғандығын атап өтеді.

Сондай – ақ, оқу тобының студенттерін дайындауда өзіндік үлесін қосып, нәтижелі жетістіктеріне жетуіне үлес қосқан өндірістік оқу шебері Камиев Есенболатта аталған министрліктің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Халықаралық байқауға қатынасып, көрші Ресейдің кәсіби мамандарды дайындаудағы іс – тәжірибелерін, заманауи әдіс – тәсілдерін және оқу орнының материалдық – техникалық базасы, ондағы жаңа техникалар мен технологиялық процесстерді көріп, қатынасқан инженер – педагог қызметкерлер мен студенттер халықаралық байқаудан ерекше әсер алып қайтты.

Мәтін қосу үшін формасы

Защитный код Суретті жанарту