Кездесу мақсаты: жастардың діни сауаттылығын арттыру және теріс діннің қоғамға зияны жөнінде арнайы профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізу.
Кездесу кешінің барысында қоғамдық қордың маманы Еркінбай Перизат Жақсылыққызы өзінің бастан кешірген оқиғасын айтып, студенттерге теріс діни ағымның зардабын түсіндірді. Студенттер мен қатысқан инженер – педагог қызметкерлер теологқа және келген қонақтарға сұрақтар қойып белсенділік танытты.